Қызылорда қалалық пробация есебіндегі А.есімді азамат өз еркімен облыстық наркология орталығына жатқызылды. Ол сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігімен 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы және жазасына қосымша мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленеді. Мәжбүрлі еңбегін толық орындағанымен ішімдікке әуес болады. Аймақтық пробация инспекторы Нұрсұлтан Сағынбайдың айтуынша оған сотпен 6 ай маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалған. Сотталған 6 ай ем алса да нәтиже шығармаған.Бос уақытында ішімдік ішуді әдетке айналдырған сотталған пробация қызметкерлерінен көмек сұрады.Қазіргі таңда ол емдеу орталығына жатқызылып,ем қабылдауда. Ай сайын орталықта ем қабылдап жатқан пробация есебіндегі тұлғалармен тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізіледі.Басты мақсат-қайта қылмысқа жол бермеу»,-дейді әділет кіші лейтенанты Нұрсұлтан Сағынбай.
– Өзімнің жасаған қылмысымды мойындаймын. Қателікке жол беріп, ұрлық жасадым. Жасаған қылмысыма өкінемін, оны алдағы уақытта қайталамаймын.Өзімнің соңғы уақытта ұдайы алкогольдік ішімдік ішіп, отбасымның мазасын алатынымды, тіптен соңғы айларда салынып ішетін болдым. Пробация қызметінен көмек сұрадым.Өз өтінішіммен орталыққа жатқызылдым.Енді толық ем алып, ішімдіктен біржола бас тартуға шешім қабылдадым.,-есептегі азамат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!