Бейсенбі, 21 қараша, 15:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Рейд барысында 19 табиғат қорғау заңнамаларын бұзу деректері
анықталды

26.10.2022

730 0

Қазан айының 20 мен қараша айының 19 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.


Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлермен 3 күнде
табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы – 19 дерегі тіркелді.
Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау
қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) – 10 дерегі анықталды,
балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау
қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктері)- 5 дерегі
тіркелді. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі,
өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-
бөлігімен) бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолдануда, ал
азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын
иелену,беру,есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан
Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан
әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу
тәртібін бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігімен) 2 әкімшілік
хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.


Мысалы: 21 қазанда рейд барысында облыстың 38 жастағы тұрғынын
тексеру кезінде тіркелмеген 20 калибрлі аңшылық мылтықты заңсыз алып
жүргені анықталып, ҚР ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік
хаттама толтырылды. Мылтық тәркіленді.


Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және
ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян
келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын
ескертеді.


Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: