Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

05.04.2023

587 0

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе.
Осы орайда 2023 жылғы 04 сәуірде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының төрағалығымен «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге бой алдырмау» тақырыбында кезекті жиын өтті. Жиынға мекеменің жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты, ҚАЖ саласына өз үлестерін қосып жүрген жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Жиынды департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Өтегенұлы ашып, қызметкерлердің өздеріне жүктелген қиын да жауапкершілігі мол қызметтерін заңдылықққа сәйкес атқару қажеттігін, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауды, сонымен қатар, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгешеліктерге тоқталып, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екендігін жеткізді.Одан соң ҚАЖД-нің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет капитаны Р.Жамбылов ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы жай-күйі туралы шолуымен таныстырды.
Сонымен қоса ҚАЖ департаментінің кадр саясаты тобының бас маманы әділет майоры Ә.Беркінбеков баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық талаптарына сәйкес, кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен таныстырды.
Кездесу соңында департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров кадр саясаты тобына жеке құрам арасында тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Дана Достанова,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: