Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, «Уылдырық-2021» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
Іс-шараның 7 күнінде 8 әкімшілік және 2 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, сәуір айының 6 күні полиция қызметкерлеріАрал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шара кезінде заңсыз балық аулаудын екі дерегін анықтады.
Атап айтқанда, Арал ауданы, Көкарал теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 5 қап 250 кг. торта балығын заңсыз аулағаны үшін Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды.
Сондай-ақ, сол күні дәл осы тектес жағдайда 200 кг. торта балықтарын аулағаны үшін Арал ауданының тұрғындары ұсталды. Айғақ заттар алынды.
Екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жұмыстары басталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!