Жексенбі, 24 қараша, 10:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жылдамдықты асырған қала тұрғынына 1 млн 534 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

03.03.2021

934 0

Қызылордада  көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік белгісін таққан жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, 28 ақпан күні Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны көрінеу жалған мемлекеттік белгісін «Ваз 21210»  маркалы автокөлігіне тағып басқарған. Бұған қоса, бұл автокөлік «Аркан» құрылғысына 60 мәрте жылдамдық асырып түскені үшін 1 млн 534 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.      

Сонымен қатар,  сол күні қызылордалық полицейлер кешкі уақытта 23 жастағы қала тұрғынын «Lexus NX 300» маркалы автокөлігіне көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін тоқтатып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Қазіргі таңда, көрінеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарғаны үшін  бұл жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодекстің 590 – бабының 4 – бөлігімен  (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттамалары толтырылып, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды.

             Көлік құралдары айып алаңына қойылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: