Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Азия чемпионатында 7 қарашада қазақстандық жеті боксшы сынға түседі

07.11.2022

758 0

Бүгін, 7 қарашада бокстан Азия чемпионаты ширек финалының соңғы жекпе-жектерінде еліміздің атынан 7 боксшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда уақытымен сағат 16:00-де басталатын күндізгі сессияда қазақстандық төрт былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады. Ел құрамасынан Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Сачинмен 4-жұпта қолғап түйістірсе, 5-жұпта Нұрқанат Райыс (75 келі) қырғызстандық Сагын Сатыбалдыуулумен кездеседі.

Ал 12-жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) таиландтық Веерапон Джонгджомен шеберлік байқасса, 15-жұпта Назым Қызайбай (50 келі) монғолиялық Мунгунсаран Балсанмен тартысқа түседі.

Сондай-ақ, елорда уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияда 3-жұпта Сағындық Тоғамбай (86 келі) тәжікстандық Навруз Джафоевпен кездессе, 7-жұпта Айбек Оралбай (92 келі) үндістандық Навин Кумармен, 9-жұпта Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) Оңтүстік Корея боксшысы До Хьен Киммен шаршы алаңға шығады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: