«Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен XIІI облыстық «Алтын белбеу» сайысы өтті.
Өңіріміздің барлық аймағынан құралған 9 командадан 200-ден аса ең мықты балуандар өзара белдесті.
Ауыр салмақта өнер көрсететін түйе палуандар сайысына қатысқан 16 спортшының арасынан 1 орын «Сыр барысы» – Мақсат Исақабыловқа бұйырды. 2-орынды «Сыр арланы» Нұрым Сәлімгереев жеңіп алды. 3-орынды «Сыр сұңқары» – Жұмахан Сағыныш иемденді.
Сонымен, «Алтын белбеу» белдігінің иегері Қызылордалық Мақсат Исағабылов атанды.
1 және 2-орын алған балуандар 3 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды. Қос спортшы «Астана күні» мерекесі қарсаңында ел астанасында облыс намысын қорғайтын болады.
![Қызылордада қазақ күресінен «Алтын белбеу» жарысы өтті](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/05/284473081_170304972103396_6964925866582156235_n.jpg)
![Қызылордада қазақ күресінен «Алтын белбеу» жарысы өтті](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/05/284682986_170305592103334_7298692682713692669_n-2.jpg)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!