Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Адамның ұйқысы келе беруі қауіпті болып шықты

06.10.2022

664 0

Адамның ұйқысы келе беруі нарколепсиядан хабар беруі мүмкін. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, психотерапевт, психолог, сомнолог Елена Колесниченко «Аргументы и факты» басылымына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Lenta.ru.
Колесниченко нарколепсия кезінде ояу отырған уақыт пен ұйқы процестері арасындағы тепе-теңдік бұзылатынын айтты.
«Нарколепсия белгілері денсаулыққа айтарлықтай проблемалар тудырады. Өйткені ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық және бұлшықет әлсіздігі өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, көлік жүргізу кезінде немесе кез келген назарды бір жаққа мұқият аудару қажет болатын кездерде», – деді дәрігер.
Сомнолог нарколепсия белгілері күндіз де, түнде де көрінуі мүмкін екенін айтты. Мұндай диагнозы бар барлық науқас күндіз шамадан тыс ұйықтайды.
«Сондай-ақ, түстен кейін ұйықысы келу адамда осы процесс үнемі қайталануына себеп болады. Себебі адам кенет ұйықтап кетеді әрі ең қолайсыз жерде, мысалы, көлік жүргізіп келе жатып, тамақтанып отырып, жұмыс орнында, серуендеп жүріп деген секілді. Мұндай ұйқы қысқа мерзімді болады және біраз уақытқа күш береді», – деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, Колесниченко нарколепсиядан зардап шегетін адамда бір әрекеттер қайталана беретінін жеткізді. Мысалы, адам әңгімені тыңдауға тырысып, орынсыз дыбыстар шығара бастайды немесе дәрісті жазу кезінде сурет салады.
Мұндай адамдарда түнгі ұйқысына қатысты да проблемалар туындайды немесе орынсыз күледі, бұлшықеттердегі әлсіздік те болуы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: