Жексенбі, 28 сәуiр, 07:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қайталама нарықта пәтер сатып алғанда неге мән беру керек?

10.08.2023

350 0

Жылжымайтын мүлік нарығында бастапқы және қайталама тұрғын үйлерді сатып алуға болады. Қайталама нарықтағы тұрғын үйлер сатып алушылар арасында ерекше сұранысқа ие. Оның себебі сатып алушы және сатушы арасында орнатылған жақсы қарым-қатынас, дайын үйді дереу көру және бағалау, сондай-ақ сатып алғаннан үйге көшу мүмкіндігі. Дегенмен, қайталама жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде кейбір нәрселерді ескеру қажет. Берілген кеңестер пәтерді ғана емес, жер үйді де сатып алуға көмектеседі.

Пәтердің орташа құнын анықтаңыз

Егер сіз пәтер сатып алуға шешім қабылдасаңыз, онда, ең алдымен, нарықтағы бағаларды зерттеу керек. Мұны korter.kz сайтында жасауға болады. Пәтерлердің орташа құнын анықтау  сізге алаяқтық схемалардың алдын алып, сатушының  үйдің бағасын төмендетіп немесе көтеріп тұрғанын білуге көмектеседі.

Ең алдымен, жылжымайтын мүлік бағасының қалай қалыптасатынын түсіну керек:

  • Орналасқан жері. Әдетте, қала орталығындағы тұрғын үй құны қала сыртына қарағанда әлдеқайда жоғары. Орташа бағаны тұрғын үйлер көп орналасқан аумақтан табуға болады.
  • Салынған жылы. Жаңа ғимараттардағы пәтерлер әдетте ескі үйлерге қарағанда қымбатырақ тұрады.
  • Жөндеу жұмыстары. Пәтердегі жаңа, сапалы жүргізілген жөндеу оның құнын арттырады.
  • Пәтер ауданы. Әрине, үлкен ауданы бар пәтерлер қымбатырақ болады.
  • Инфрақұрылым. Дамыған және әртүрлі инфрақұрылымы бар аудандарда орналасқан тұрғын үйдің бағасы қымбатырақ болады.
  • Қабат. Бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан тұрғын үй бағасы әдетте  төмен болады.

Заңгердің көмегі

Сонымен, сіз қайталама нарықтағы пәтердің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеріп, бағаларды талдап, пәтерді таңдадыңыз. Енді не істеу керек? Жылжымайтын мүлікпен жұмыс істейтін жақсы заңгердің көмегіне жүгіну керек.

Келісім-шартты мұқият қарап шығу

Келісім-шартты, әсіресе, кішкентай әріптермен жазылған жерлерді мұқият қарап шығыңыз. Келісім-шарт жасамас бұрын жылжымайтын мүлікті міндетті түрде реестрдан тексеріңіз. Бастапқы тексеруді жылжымайтын мүлік агенттігіне сеніп тапсыруға болады, бірақ егжей-тегжейлі талдау үшін сізге  агенттіктер ұсына алмайтын заңгерлік қызметтер қажет болады.

Меншік иесінің болуы

Әрқашан үй иесімен сөйлесіп, оның қол қоюын талап етуді ұсынамыз. Сенімхат кейде жасанды болып шығуы мүмкін. Сонымен қатар, сенімхаттың мерзімі сатып алу-сату келісім-шарты күшіне енгенге дейін аяқталады деген қауіп те бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: