Жұма, 19 сәуiр, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жалқаулық психопотологияның бір түрі

03.03.2021

1383 0

Адамның ең бір жаман күйінің бірі – зерігу, не істерін білмеу. Ешқандай да ақша, басқа да сияпат алмастан энергиясын саналы түрде жұмсауға тырысса, зерігу де болмас еді. Мысалы: кішкентай балаға қараңызшы. Олар ешқандай ақы күтпестен-ақ үнемі қозғалыста болады. Бір минут та бос отырмайды, ойнайды, секіреді, сұрақ қояды, әңгіме айтады, олар содан рахаттанады. Егер адам өзінің істеген ісіне ешқандай қызығушылығы болмаса, ешқашан көңілі толмаса, психопатологияда бұндай адамды науқас деп есептейді.

Жұмыссыздық туралы жасалған көптеген зерттеулер бойынша, бұндай адамдар материалдық жетіспеушіліктен гөрі өздерінің «демалысынан» көп зардап шегеді.

Өмір бойы жұмыс істеген адам зейнетке шыққан соң өздерін ешкімге керексіз, бақытсыз сезіне бастайды екен, тіпті ауырып қалуы да мүмкін.

Соған қарамастан, адамдарда табиғи жалқаулық та бар. Жаның қаламаған жұмыс көбінде зеріктіреді, көңіл толмаушылыққа алып келеді, соның салдарынан адамда жұмысқа деген жек көрініш пайда болады. Одан да ештеңе істемегенім дұрыс деген ойға келеді. Бұл күйлерін жанның табиғи құбылысы деп ойлайды, алайда бұл – жаның сүймейтін, мағынасыз жұмыстан туындаған психопатологияның бір белгісі.

Эрих Фромм, «Салауатты қоғам» кітабынан

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: