Сейсенбі, 26 мамыр, 17:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Мұғалімдердің өз оқушыларына ақылы репетитор болуына тыйым салынады – министр

26.05.2026

62 0

Фото: коллаж kursiv.media

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп мұғалімдерінің өз оқушыларына ақылы репетитор болуына тыйым салынатынын айтты, – деп хабарлайды  kursiv.media

Сүлейменованың айтуынша, министрлік репетиторлық нарықты реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді әзірлеп жатыр. Өзгерістер репетиторлық орталықтардың жұмысына, салық төлеуіне және балалар мен ата-аналар алдындағы жауапкершілігіне қатысты болмақ.

«Егер мектептегі мұғалім өзінің сабақ беретін оқушысына ақшаға қосымша репетиторлық өткізетін болса, оған біз тыйым саламыз», – деді министр.

Министр мұны этикалық мәселе деп атады

Министр атап өткендей, мұғалімдер онсыз да сабақ бергені үшін тиісті еңбекақысын алып отыр. Бұл мәселе, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби этикасына қатысты екенін жеткізді.

«Менің ойымша, кез-келген мұғалім үшін бұл этикалық мәселе. Нақты шектеу мәселесін әлі де талқылап, зерделейтін боламыз. Мемлекет ол балаға өзі қаражат бөліп жатыр. Сол балаға сапалы білім беру мұғалімнің қаржысы төленген миссиясы. Бұл мәселені сол шектеуге жеткізбей-ақ, мұғалімдер өздері түсінеді деп санаймын»– деп толықтырды ведомство басшысы.

Мектептерде ақылы қосымша сабақ беру көбейген

Айта кетейік, кейінгі жылдары білім саласында, оның ішінде мектепте бір мәселе пайда болды. Кейбір мұғалімдер өз шәкірттеріне ақылы қосымша сабақ бере бастады. 

Министр мәселе расында да өзекті екенін айтып, оның заңнамалық тұрғыда реттелмегенін айтқан болатын. Сонымен бірге заңмен бәрін шегелеп тастауға да асықпайтынын жеткізді. Ұстаздар, кәсіби орта қауымымен мәселені реттеу жолы қарастырылып жатқанын қосты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: