Жұма, 22 қараша, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

100% вакцина алған мектептер

26.07.2021

1413 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру мекемелері №№179, 215 және «Нұрбесік», » Бөбек «,»Қарлығаш» балабақшалары толық құрамда 100 пайыз вакцина алды. Білім беру мекемелеріндегі ұстаздар вакцина алуды сәуір айында бастаған болатын. Ұжым арасында вакцинация туралы жалпы түсіндіру ғана жүргізілді, бірақ соған қарамастан мұғалімдер саналы түрде өз еркімен екпе салдырды.

100% вакцина алған мектептер


№179 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Жұмагелдиев Алтынбек әріптестерін өздері секілді жаппай вакцина алуға шақырды.
«Мектеп ұжымдарының басшыларына, әріптестеріме қазіргі эпидемиологиялық жағдайды түсіне отырып, саналы түрде вакцина алуға шақырамын! Біздің мектептің ұжымының тәжірибесіне қарай отырып, басқа ұжымдарға да осындай жағдай қалыптастыра аламыз дей ойлаймын», деді ол.

100% вакцина алған мектептер


№215 орта мектептің бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Нуржакипова Жадира:
«Бізге ата-аналар сенім артып, балаларын сеніп тапсырып отыр. Сондықтан оқу саласында олқылықтарға жол бермеуге тиіспіз. Әр педагог бірінші өз денсаулығын ойлауы тиіс. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі басты орында. Әрбір ұжым мүшесі саналы түрде түсінуі керек. «Кемедегінің жаны бір» дейді халқымыз.

100% вакцина алған мектептер

Педагогтің басты міндеті білім беру, оқушыға тәлім-тәрбие беру. Бұл ұстаз бен оқушының арасында бетпе-бет жүргізілетін үрдіс. Соған тезірек оралайық», – деп өз ойымен бөлісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: