Бейсенбі, 02 мамыр, 17:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

2022 жылы Қызылорда облысында сарып ауруының 46 жағдайы тіркелді

03.02.2023

644 0

Бруцеллез, яғни сарып ауруы – бұл зоонозды инфекция, ауру көзі – жануарлар. Ауру қоздырғыштары – Brucella тұқымдасындағы бактериялар. Инфекция негізінен ауру жануарлармен жанасқанда, олардың өнімдерін пайдаланғанда және аэрогенді жол арқылы, яғни инфекция бар шаң-тозаңды жұту кезінде берілуі мүмкін.

Аурудың клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, дене салмағын жоғалту.Індетке шалдыққан адамның буындары ауырып, бұлшық еттері мен жүйке жүйесі зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп  соқ­тыруы мүмкін.

2022 жылы облыста сарып ауруының 46 жағдайы тіркелді. Салыстырмалы 2021 жылға қарағанда ауру көрсеткіші  жасөспірімдер арасында 2 жағдайға төмендеген.

Cарып ауруы облыста барлық аудан мен қалада тіркелді. Оның ішінде, облыстық орташа көрсеткіштен жоғары жағдай Қазалы, Жаңақорған аудандарында орын алды.

Науқасқа шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 80,4% құрады. Бруцеллез індетіне шалдыққандардың барлығы – ауылшаруашылық малдары арасында бруцеллезден қолайлы елді мекен тұрғындары. 

Бруцеллез ауруына үй жағдайында ауылшаруашылық малдарына күтім жасайтын, қорасын тазалайтын, жем, шөбін беруге қатысатындар шалдыққан.

Сарып ауруымен алғаш сырқаттанған науқастардың 40 ошағынан барлығы  197 қарым-қатынаста болғандар анықталып, барлығы зертханалық тексерумен қамтылды. Ошақтағы қарым-қатынастағылардың ішінен  6 науқас есепке алынды. Оның ішінде, Қазалы және Қызылорда қаласында 2 жағдайдан, Қармақшы және Жаңақорған ауданында 1 жағдайдан тіркелді.

Барлық ошақтардан ауру көзі мен жұқтыру факторларын анықтау мақсатында зертханалық тексерулерге улгілер мен сынамалар алынды. Аталған ошақтарда қоршаған ортадан барлығы 180 сынама зертханалық тексеруге алынып, нәтижесінде 1 сынамадан «оң» нәтиже анықталды.

Ауру ошақтарында эпидемиолог және ветеринария қызметі мамандары тарапынан бірлескен жан-жақты эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеулер жасалып, ошақ шекарасы, аймағы, аурудың ауру көзі, таралу жолдары нақтыланып, эпизоотологиялық ошақтарды жоюға індетке қарсы эпизоотолого-эпидемиологиялық іс-шаралар кешені ұйымдастырылып жүргізілді.

Оң нәтиже анықталған мал қоралар ветеринария саласы мамандарымензалалсыздандырылды, барлық сарып ауруы анықталған малдар жойылды.

Аурудың негізгі көзі – жануарлар. Сарып ауруы адамға көбінесе жанасу мен алиментарлы жолдар арқылы жұғады. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру малды төлдету, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде арнайы киім, резеңке қолғапты пайдалану қажеттігін,  мал өнімдерін тек рұқсат етілген орындардан алуды, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізуі қажеттігін еске салады.

Қызылорда облысының

 саниатриялық-эпидемиологиялық

 бақылау департаменті басшысының

 орынбасары Әлия Әбдіқайымова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: