Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

«Ауылға медициналық көмек уақытылы көрсетілмейді»: Дәрігерлер денсаулық сақтау министріне шағымданды

15.03.2021

1380 0

Ауылдағы медициналық мекемелердің бас дәрігерлері Цойға шағымдарын жеткізіп, өтініштерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесуде ел азаматтары мен ауылдағы медицина қызметкерлеріне қатысты ең өзекті мәселелер талқыланды. Ауылдық медициналық ұйымдардың басшылары коронавирус инфекциясына қарсы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

«Ауылға медициналық көмек уақытылы көрсетілмейді, өйткені заманауи клиникалар шоғырланған облыс орталықтарынан алыс орналасқан. Бүгінгі таңда алдымызда инфрақұрылымды жақсарту, медициналық көмекті, атап айтқанда, бейінді мамандандырылған көмекті, МСАК елді мекендерге жақындату міндеті тұр. Әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмекті жақсарту қажет. Жергілікті жерлерде, әсіресе, КВИ жұқтырған тұрғындарға медициналық көмек, оңалту керек», – деді кездесуде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы көпбейінді аурухананың бас дәрігері Жәмила Әбеуова.

Негізгі проблемаларды шешу үшін министрлік 2021-2025 жылдарға арналған халыққа, оның ішінде ауылдағы тұрғындарға МСАК сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспар медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігі мен көлемін арттыру, медициналық санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту және жарақтандыру, денсаулық сақтаудағы кадрлық әлеуетті нығайту, цифрландыру және қаржыландыру мен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі негізгі басым бағыттарды қамтиды.

Кездесу қорытындысы бойынша ауылдық денсаулық сақтауды дамыту перспективалары бойынша бірқатар ұсыныс талқыланды. Министр кездесу нәтижесі ауылдағы денсаулық сақтауды бірлесіп дамытудағы мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: