Жұма, 27 желтоқсан, 01:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының ана мен бала ұйымдары халықаралық «Балаға мейірімді аурухана» атағын алды

24.02.2022

1447 0

Ұлт денсаулығының басты мәселелерінің бірі – бала денсаулығын қорғау, оның ішінде нәрестелердің денсаулығына ерекше назар аудару. Осы мәселе аймақ басшысының тікелей бақылауында. Өңірде жүзеге асырылған жүйелі жұмыстың арқасында бірқатар медициналық ұйымына халықаралық деңгейде «Вавy–friendly hospitals. Балаға мейірімді қарым қатынас ауруханасы» атағы берілді.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «BalaJan» қоғамдық қоры, қамқоршылық кеңесінің және ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорлар кеңесінің төрайымы Зауреш Аманжолова, «BalaJan» Қоғамдық қоры медицина қызметкерлері одағының президенті Эльнара Құрманғалиева, «BalaJan» Қоғамдық қорының мүшесі, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигинамен кездесті.

Басқосу барысында облыс бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында қолға алынған жұмыстар талқыланды. Аймақ басшысы ана мен бала мәселесіне ұдайы мән беру басты назарда екенін алға тартып, бірлескен жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Айту керек, өңірде Дүниежүзілік денсаулық ұйымы ұсынған «Емізу практикасын қорғау, қолдау және ынталандыру» бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша Қызылорда облысының медициналық ұйымдары республикалық деңгейде сертификациядан, ресертификациядан өтіп, халықаралық деңгейінде «Вавy–friendly hospitals. Балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханасы» атағына ие болды.

Сондай-ақ, облыс бойынша 5 емдеу, алдын-алу ұйымы «Алтын тақта» номинациясымен марапатталды. Олар – облыстық Ана мен бала орталығы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, Арал және Қазалы ауданаралық ауруханалары мен №3 қалалық емхана.

Айта кетейік, бағдарламаның негізгі мақсаты – тек ана сүтімен емізу үлесін 95%-ға дейін арттыру арқылы жаңа туған нәрестелердің аурушаңдық пен өлім-жітімін төмендету. «BalaJan» қоғамдық қорының өкілдері Сыр өңірінде осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізілгенін атап өтіп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді.

Мәлімет үшін: «BalaJan» қоғамдық қоры ана мен бала денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысатын коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйым. Қызылорда облысы көлемінде «Емізу практикасын қорғау, қолдау және ынталандыру» бағдарламасын әрі қарай енгізу мақсатында «BalaJan» қоғамдық фонд қызметкерлері «Балаға ізгі ниетті клиника» жобасы аясында «Ана сүтімен емізудің маңыздылығы» және «Қауіпсіз босану» тақырыптарында семинар өткізеді.

©Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: