Сәрсенбі, 27 қараша, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 91 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе егілді

29.03.2021

905 0

Облыс көлемінде 2020-2021 жж. эпидмаусымда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп сипатталады.

Соңғы 3 жылдың эпидмаусым көрсеткіштерін салыстырғанда апталық бақылау деңгейлерінен арту анықталған жоқ.Облыс бойынша ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ-дің 12375 жағдайы есепке алынды. Ауруға шалдыққандардың 60,2% – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Ауруханаға жатқызу көрсеткіші 14,8% құрады.Биылғы эпидмаусымда ЖРВИ-мен ауырған ауыр ағымдағы 529 науқастың сынамасы ПТР әдісімен тексеріліп, нәтижесінде зертханалық жолмен нақтылаған тұмау ауруы тіркелген жоқ. Коронавирустық инфекцияға қарсы қабылданған профилактикалық шаралар тұмау аурушаңдығын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік берді.2019-2020 жылдың эпидмауысымында облыс көлемінде тұмау ауруының 131 жағдайы есепке алынса, 2020-2021 жылы бірде-бір дерек тіркелген жоқ.Тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету мақсатында жыл сайын тұмауға қарсы вакциналау жүргізіледі. Екпе науқаны басталғаннан бүгінгі күнге дейін барлығы 91 260 адам тұмауға қарсы егілді, бұл облыстағы жалпы халықтың 11%-ін құрайды. Вакцинадан кейінгі асқынулар орын алған жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: