Жексенбі, 24 қараша, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Саяхаттағы қауіпсіздік ережелері

15.05.2024

644 0

Сурет: asbestadm.ru

Жаз – еңбек демалыстарының маусымы. Кей азаматтар өз демалыстарын шетелде өткізгенді қалайды. Бұл саяхаттың қауіпсіз өтуі үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бірқатар кеңестерді назарларыңызға ұсынады.
Саяхатқа шықпас бұрын денсаулығыңыздың Сіз баратын елдің климатына, тамақтану үрдісіне, мәдени демалысының ерекшеліктеріне және жұқпалы аурулардың алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қабылдауға, профилактикалық егулер жүргізуге қаншалықты мүмкіндік беретінін ойластырған жөн. Ол үшін мұқият тексеруден өтіп, дәрігердің қорытындысын алуыңыз керек. Шет елдерге барған кезде, кейбір елдерде ауыр клиникалық ағымымен өтетін және өлімге әкелуі мүмкін жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтырудың нақты мүмкіндігі бар екенін білуіңіз керек.
Саяхат кезінде тұру, тамақтану және мәдени демалыстың белгілі бір қағидалары мен шектеу шараларын сақтауыңыз қажет. Жануарлармен байланыста болған кезде абай болу керек, өйткені олар көптеген жұқпалы және паразиттік аурулардың көзі болып табылады. Мысықтарды, иттерді және басқа да жануарларды ұстамаңыз! Бұл барлық елдерде қауіпті. Егер сізді жануар тістеп алса, тырнаса, денеңіздің сол бөлігін сабынды сумен жақсылап шайыңыз. Құтыру мен сіреспеге қарсы екпе алу мәселесін шешу үшін дереу дәрігерге қаралыңыз.
Адамдар үшін қауіпті қан соратын жәндіктердің көпшілігі, яғни бүргелер, кенелер, масалар, москиттер, шыбын-шіркейлер тропикалық жұқпалы және паразиттік аурулардың тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан ұзын жеңді киім, шалбар, шұлықтар киіп, репелленттерді қолдану керек.
Орталықтандырылған сумен және кәрізбен қамтамасыз етілген қонақ үйлерде ғана тұруға рұқсат етіледі.
Өнеркәсіптік өндірістің кепілдендірілген сапасының өнімдері пайдаланылатын белгілі бір тамақтану орындарында ғана тамақтаныңыз. Жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ көше саудасы орындарынан сатып алынған өнімдерді тамаққа пайдалануға тыйым салынады. Ішу үшін тек бөтелкедегі және қайнатылған суды, сусындарды, өнеркәсіптік өндірілген шырындарды пайдалану керек. Көше сатушыларынан сусындарды салқындату үшін мұз сатып алуға тыйым салынады. Жемістер мен көкөністерді жуу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану керек.
Туристерге тек бассейндер мен арнайы су айдындарында шомылуға рұқсат етіледі. Жағажайда төсек-орынсыз жатуға, аяқ киімсіз жерде жүруге тыйым салынады. Жеке гигиенаны қатаң сақтаңыз.
Егер дене қызуы көтеріліп, жүрек айну, құсу, іш өту, теріде және шырышты қабаттарда бөртпе пайда болса, дереу медициналық тексеруден өту керек.
Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда екені есіңізде болсын! Біздің ұсынымдарымыз сізге саяхатты жағымды өткізуге ғана емес, денсаулығыңызды нығайтуға да көмектеседі деп үміттенеміз!

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: