Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин Мәжілістегі жаңа Салық кодексінің жобасын талқылаудан кейін бірнеше пәтері бар отандастарымызға салықтың қалай есептелетіндігін түсіндірді,- деп хабарлайды KAZINFORM.
Оның сөзіне қарағанда, «сән-салтанат» салығы жиынтық құны 450 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік иелеріне қатысты болмақ. Мұндай мүлік иелері үшін салық салу межесі бойынша мөлшерлеме 2 пайызды құрайды.
«Біз есептеу жүргізген кезде 450 млн теңге шамамен миллион доллар болды. Бұл қазіргі меженің ең жоғары шегі. Мөлшерлеме құн мен пәтер санына байланысты. Мәселен, 15 млн теңге болса, онда мөлшерлеме – 0,1 пайыз. Яғни, құны бойынша шамамен 1 500 теңге болады. Егер мұндай 100 пәтер болса, онда бұл 450 млн теңгеден көп. Демек, мөлшерлеме 2 пайыз болады. Әрбір жекелеген жағдай дербес қаралады», – деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, қазіргі Салық кодексі кезінде бірнеше ондаған пәтері бар азаматтар әр мүлкіне жеке-жеке салық төлеп келді. Ал жаңа Салық кодексі қабылданған жағдайда оларға салықты көп төлеуге тура келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!