Конституция

Сейсенбі, 30 маусым, 01:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49 (2261)
30.06.2026
PDF мұрағаты

Ауқымды өзгерістің бастауы

30.06.2026

36 0

1 шілдеден бастап Қазақстан жаңа кезеңге қадам басады. Бұл күн еліміздің тарихында ерекше орын алатын сәттердің бірі.  Атап айтқанда, қолданыстағы Конституция күшін жойып, жаңа Ата Заң күшіне енеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституция елдегі барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз болған.  

– Жаңа Конституция барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз қалады. Мұндай күрделі өзгерістер еліміздің 35 жылдық тарихында да, одан бұрын да болған емес. Яғни Қазақстан сапалы ғылым негізінде өркендеу мен технологиялық өрлеу жолына түсті. Дегенмен қоғам бір мақсатқа жұмылып, ынтымақ-бірлік танытпаса, кез келген, тіпті мұқият сараланған мемлекеттік жоспардың өзі қағаз жүзінде қалады. Туған жерге – Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ұмтылатын білімді, ерік-жігері мол отаншыл жастар елімізді көркейтеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ел Президенті Конституцияның ел үшін тек құқықтық құжат қана емес, қоғамды біріктіретін негізгі құндылық екенін атап өтті.

Сонымен халық күткен шілдеде болатын өзгерістерге тоқталсақ, ең алдымен қос палаталы Парламент таратылады. Сайлау өтіп, бір палаталы жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай құрылады. Жаңа жүйеде алғаш рет вице президент лауазымы болады. Қазақстан Халық кеңесі құрылады. Оның құрамына 126 адам кіреді. Бұл орган заң жобаларын ұсына алады, бастамалар көтереді және ұлттық бірлік мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Ата заң елдің мемлекеттік басқару жүйесіне, Парламенттің құрылымына және бірқатар конституциялық институттарға өзгеріс енгізеді. Жаңа Конституция елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Құжатта мемлекеттік билік тармақтарының құрылымы қайта қаралып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты жаңа нормалар енгізілген. Сондай-ақ бірқатар заңдар мен нормативтік құқықтық актілер жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіріледі. Жаңа Конституция еліміздің құқықтық негізін одан әрі нығайтып, әділетті қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: