Сейсенбі, 19 мамыр, 01:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Баспаналы болу бақыты бұйырды

19.05.2026

41 0

Бүгінде Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Мұны өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен де, ай сайынғы осындай рәсімдер мен қоныстойлардан да байқауға болады. Нәтижесінде тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары бір жүйеге түскен. Биылдың өзінде тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 2400 пәтер табыстау үшін бюджеттен 55 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Соның нәтижесінде Сыр өңірі халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы орынға шыққан. Өткен аптада сол жағалаудан құрамында 10 үй бар тұрғын үй кешенін табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депу­таттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аймақ басшы­сы кейінгі жылдардағы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобаларды атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлы «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деген болатын. Бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған жер­лестерімізге жалпы аумағы 33 мың шаршы метрден асатын 600 пәтердің кілтін табыстап отырмыз. Тұрғын үй кешенінің аумағында екі футбол, төрт спорт және ойын алаңы, тынығу аймағы, 250 орындық автотұрақ және үш коммерциялық нысан орналасқан. Алдағы уақытта да шаһар келбетіне сән беретін заманауи тұрғын үйлер бой көтереді. Меншікті баспана – тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін, – деді облыс әкімі.

Халықтың көзқуанышына айналған зәулім үйлердің көптеп салынуына қыстың суығы, жаздың аптап ыстығына қарамастан тер төгіп жүрген құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі зор. Олар білікті маман ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша үлес қосып келеді.

Салтанатты шарада тұрғын үйді салған мамандар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бүгінде Сырдарияның сол жағалауында құры­лыс қарқынды жүруде. Тұрғын үйлердің сапалы болуы жіті бақылауда. Соңғы үлгідегі құрылыс материалдары қолданылған. Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін ішкі және  сыртқы абаттандыру жұмыстарына мән берілген. Инфра­құрылым толық қамтамасыз етілген.

А.АЙТЖАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: