Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Дипломмен – ауылға!»: Баспана салуға субсидия беру кедергілерді жояды

27.01.2024

1014 0

Фото: halyqline.kz

Бүгінде ауылдан бiржола тамыр үзiп қалмау өзекті мәселеге айналды. Алыптардың көбі ауылда дүниеге келгенін ескерсек, болашақта бұл үрдiстiң жiбi үзiлмес үшiн мұнда ұлттық мәдениеттiң ошағы, заманауи бiлiмнiң бастауы сақталуы тиіс. Осыны ескерген мемлекет 2009 жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын іске қосқан болатын. Ондаған жыл ішінде аталған бағдарлама сан өзгеріп, берілетін қаржы мен қайтарым жолы түрленді. Міне, биыл да жобада айтарлықтай жаңалық көп.

Мойындау керек, 15 жылға жуық уақытта бағдарлама ауыл-аймақтардағы кадр жетіспеушілігін шешуге түрткі болды. Дерек бойынша 2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд теңгеге көтерме жәрдемақы алған. 45 мыңнан астам маманға баспана сатып алу үшін 142,5 млрд теңге бюджеттік несие берілген. Ал биыл мамандарға баспана бақытын сыйлау үшін қазынадан 30 млрд теңге бөлініпті.

Тиісті ведомствоның мәліметтерін шолып шығып, 8 моно және 9 шағын қалада 29 жобаны іске асыру қарастырылғанын білдік. Жауапты мекеме осы жылы Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, сондай-ақ Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру жөніндегі заң жобалары әзірленетінін атап өткен.

Облыстағы ахуал да көңіл көншітеді

«2022 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың желтоқ­сан айына дейінгі аралықта ауылдық елді мекенде жұмыс істеу үшін Қазалы ауданында 306, Қызылорда қаласын­да 220, Сырдария ауданы 199 маманға көтерме жәрдем­ақы берілді. Ал тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру бойынша Қазалыда 377, Шиеліде 177, Жаңақорған­да 135 және Қармақшыда 115 маманға қызмет көрсетілді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, әлеуметтік қолдауды білім саласының – 1164 (60%) және денсаулық сақтау саласының – 520 (26,8%) мамааны алып, көш бастап тұр», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мем­лекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Зухра Арынова.

Жақында тағы бір маңызды жаңалық тарады. Осы жылдың 15 қаңтарынан бастап бағдарлама шырайын кіргізетін өзгеріс енді және ол көптің көңілінен шығады. Енді ауылда жалға берілетін тұрғын үй салғысы келетін жұмыс берушілерге мемлекет  қолдау көрсетпек.

Субсидиялық көмек 5 млн теңгені құрайды. Бұл қаржы 75 шаршы метрден 100 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй құрылысының шығынын жабады. Мүмкіндікке ие болу үшін жұмыс берушілер жұмысшымен 5 жылға еңбек шартын жасасуы керек. Жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлап отырған ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін жергілікті атқарушы органдармен айқындап бекітеді.

«Алайда бұл тізімге аудан орталықтарының және облыс орталықтары, моно және шағын қалалар немесе агломерациялардың, қаладағы аудандардың құрамына кіретін 30 шақырым жерде орналасқан ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер кірмейді» делінген хабарда.

Жоғарыда айтқанымыздай, бағдарламаның шарапа­тын жастар көріп жатыр. Жоба іске қосылған жылдар ішінде 80-100 мыңға тарта  жас ауылға тартылған екен. Оның үстіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағдарламаны назардан тыс қалдырмай, қаржыландыруды қадағалауда ұстауда. Бұл – жастарға жасалған игілік.

Р.МАҚСҰТ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: