Сейсенбі, 28 сәуiр, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

«ENBEK HUB – QYZYLORDA» өңіраралық бос жұмыс орындары және жергілікті кәсіпкерлердің дайын өнімдері» жәрмеңкесі

28.04.2026

27 0

Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарының делегациясы мен жергілікті жұмыс берушілердің қатысуымен өтетін «ENBEK HUB – QYZYLORDA» өңіраралық бос жұмыс орындары және «Жергілікті кәсіпкерлердің дайын өнімдері» жәрмеңкелеріне қатысуға шақырамыз!

Жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Абай және Ұлытау облыс­тарынан білім беру, денсаулық сақтау, медицина, құры­лыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бойынша барлығы 9984 бос жұмыс орны ұсынылатын болады.

Сонымен қатар жергілікті жұмыс берушілер тарапынан 318 бос жұмыс орны қолжетімді.

Жалпы жәрмеңке аясында 10302 бос жұмыс орны ұсынылады.

Өтетін орны: «Сыр болашағы» құзыреттілік орталығы, Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, №16 ғимарат.

Өтетін уақыты: 2026 жылғы 29 сәуір, сағат 11:00.

Ұйымдастырушы: Қызылорда облысының жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: