Бейсенбі, 18 шiлде, 12:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

«Тазалық патрулі» жұмысын бастады

10.07.2024

495 0

Сурет:inbusiness.kz

«Тазалық – иманның жартысы» деген ұлағатты сөз бар.  Туған қаланы көркейту үшін, оның тазалығын сақтау, жасыл желекке айналдыру үшін бүгінде жастардың белсенділігі артып жатқаны қуантады.  «Жас келсе іске» демей ме дана қазақ.  Жаздың шіліңгір ыстығында жаныңа сая болатын ағаш отырғызып, айналаны таза ұстауға  барша қалалықтар атсалысу керек.  Себебі қала – өз үйіміз. Сырттан келетін қонақ­тарға да ерекше көңіл-күй сыйлау үшін  өңірдің айнасы  – бас қаламыздың ластануына жол бермеуіміз керек. Туған мекен­нің келбетіне айрықша көрік қосу үшін өзіміз тұратын аула­мызды да  ұқыпты, жинақы ұстап, тазалыққа мән берсек,  жыл­дан-жылға жаңарып, жасарып, жайнай береміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жас­тарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын»  деген болатын.

Ерекше  үндеу Сыр жастарына да жігер сыйлады. «Сана тазармай, қала тазармайды» деген тәмсілді алға тартқан жастар, ай­мақ жастарын жаппай тазалық сақтауға бел­сенді үлес қосуға шақырып жатыр.  Жастардың бойын­да «Қоғамға мен қажетпін, маған қоғам қажет» деген елжанды қасиет оян­ды. Осылайша сер­гектікті жанына се­рік еткен мектеп оқушылары «Тазалық патрулі» волонтерлық то­бын құрды.

Қазір еріктілер тобы «Қала тазалы­ғы – баршамызға ортақ міндет!» ұранын алға тартып, тұрғындар мен кәсіпкерлік ны­сан иелерін тазалыққа шақырып, қор­ша­ған ортаны ластамау туралы түсіндірме жұмысын жүргізуде. Мақсат – шаһар тұрғындарын өз ауласын, көше­сін таза ұстау, өзгелерге үлгі болуға жұмылдыру.

Туған өлкесіне жа­на­шырлық сезімі жо­ғары мектеп оқу­шы­ларының ұстаны­мы, олардың пат­риоттық белсенділігі қуан­тады. Алдағы уа­қытта акцияға ерек­ше үлес қосқан әрбір жас буын ерекше номинация­лармен марапатта­лмақ.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: