Сейсенбі, 26 мамыр, 01:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Тазалыққа үндеген акция

26.05.2026

42 0

Елімізде Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоғамда үлкен қолдау табуда. Ол жай ғана ұран емес, елдегі экологиялық мәселелерді шешуге арналған кешенді бағдарлама. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамда таазалық мәдениетін дәріптеуге бағытталған. Осы бағдарламаға үн қосқан Сырбойылықтар да игі істерден шет қалған жоқ.

Облыс орталығындағы Ботаникалық саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең көлемді тазалық акциясы өтті.

Ауқымды акцияға өңір бойынша 17694 адам қатысты. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма, депар­тамент және инспекция басшылары, «AMANAT» партиясының өкілдері, мемлекеттік мекеме қызмет­керлері, жастар ұйымдары мен экобелсенділер болды.

Акцияға қатысқан облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тазалық пен қор­шаған ортаны қорғау мәселесіне ерек­ше назар аудару қажеттігін айтып өтті.

– Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы», – деген болатын. Қор­шаған ортаны қорғау, оны күтіп ұстау тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың міндеті және қоғамның ортақ негізгі құндылықтардың бірі болуы тиіс. Өңірімізде санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар қар­қын­ды жүруде. Қызылорда қала­сындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері, бүгінгі шарамыз өтіп жатқан Ботаникалық саябақ қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Өңірімізде дизайн код бекітіліп, облыс орталығынан бастап барлық елді мекендер бірегей архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді. Облыс орталығындағы 80-нен аса ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тауып, қосымша 21 тұрғын үй жаңғыртудан өтуде, – деді облыс әкімі.

Іс-шарада қоршаған ортаны қор­ғауға және тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуге үлес қосқан қыз­меткерлер марапатталып, салалық мекемелерге 26 арнайы техника та­бысталды. Олардың қатарында қалдық тасымалдаушы көліктер, өрт сөндіру техникалары, тракторлар және кіші өрт сөндіру кешендері бар.

Ауқымды акцияда Ботаникалық саябақ аумағы көгалдандырылып, 500 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар өңірді жасыл желекке бөлеуге, ауа сапасын жақсартуға және қала тұрғындары үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде облыстың барлық елді мекенінде бір мезгілде ауқымды сенбілік және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: