Сейсенбі, 26 мамыр, 01:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Ұмытылмас Баубек бейнесі

26.05.2026

40 0

Мәншүк Мәметова атындағы педа­гогикалық жоғары колледжінде қазақ әдебиеті мен руханиятында өзін­дік орны бар жалынды публицист, май­дангер жазушы Баубек Бұлқышев шығармашылығына арналған «Отты ойдың иесі – Баубек Бұлқышев» атты тағылымды кітапхана сағаты өтті.

 Іс-шарада жастарға жазушының өмір жолын таныстырып, оның отансүйгіш­тік рухы, елге деген адалдығы дәріптелді.

Жауынгер жазушы қамшының са­бындай ғана қысқа ғұмыр кешті. Бірақ ол артына ғасырлық мұра қалдырды.  Бұлқышевтің өмірі – оқ пен оттың ара­сынан туған әдебиеттің тағдыры. Оның шығармаларынан жалынды жастықтың үні, қайраты, болмысы сезіледі.

Танымдық шараның «Тұлға және тағдыр» бөлімінде студенттер Баубек Бұлқышевтың өмір жолы туралы баяндап, оның балалық шағы, майдан­дағы ерлігі мен шығармашылық қыры жайында мәлімет берді. Ал, «Отты сөздер» бөлімінде оның шығармалары таныстырылып, «Өмір біздікі», «Жауын­гер мәңгілігі» сынды туынды­ларына шолу жасалды. Шығармаларынан елге деген сүйіспеншілік, ерлік пен жігер анық байқалады. Әсіресе, оның жастарға қалдырған рухани мұрасы бізді терең ойға батырды.

«Ойталқы» бөлімінде студенттер Баубек Бұлқышев шығармаларындағы патриотизмнің маңызы туралы пікір алмасты. Қазіргі жастардың елін сүюі, білім алуы, қоғамға пайдасын тигізуі секілді мәселелер қозғалды. Бұл бөлімде әр студент өз ойын еркін айтып, рухани тәрбие жайлы маңызды пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар Баубек Бұлқышевтың өмірі туралы бейнежазба көрсетіліп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Бейнежазбада оның қайсарлығы мен ел үшін жасаған еңбегі анық көрініс тапты.

Іс-шара соңында кітапханашы апай қорытынды сөз сөйлеп, Баубек Бұлқышевтың өмірі – бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты. Расында да, бұл кеш бізге рухани жігер сыйлап, елге қызмет ету, білімге ұмтылу және ұлттық рухты биік ұстау керектігін ұқтырды.

Танымдық шарадан студенттер жақсы әсер алды. Себебі, Баубек Бұлқышев секілді тұлғаның өмірі мен еңбегі – біз үшін мәңгілік өнеге. Осындай танымдық кештер жастардың рухын оятып, отансүйгіштік қасиетін арттыра түседі деп ойлаймын.

Жанерке НҰРЛАНҚЫЗЫ,

Мәншүк Мәметова атындағы

 педагогикалық жоғары колледжі

 филология бөлімінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: