Сейсенбі, 18 наурыз, 03:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Наурыздың бастауы – көрісу күні

17.03.2025

27 0

Бүгін Өнер орталығы алаңында “14 наурыз – Көрісу-Амал мерекесіне” арналған ерекше концерт өтті.

Көрісу – қазақ халқының ежелден сақталған дәстүрі. Бұл – адамның адаммен, жылдың жылмен қауышқан шағы. Жер жаһан жаңарып, тіршілік қайта түлейтін Наурыз мейрамының алғашқы шарты. Бұл күні арадағы араздық ұмытылып, өкпе-реніштер тарқайды, ізгілік орнап, адамдар бір-біріне жылы лебіздерін жеткізіп жатады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мереке қарсаңында бүгін Өнер орталығының алдында арнайы Алтыбақан құрылып, мерекелік думанды кеш өтті. Қазақы салт-дәстүрлер кеңінен насихатталған кеште ұлттық әуендерден ән сайыс, «Бауырсақ Party», ұлттық ойындардан бәсеке ұйымдастырылды. Қала тұрғындары әр жерге құрылған сайыс алаңдарына жиналып, ұлттық ойындарды тамашалады. Жігіттер қауымы асық атып, арқан тартып, өзара бақ сынасса, бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақан маңында бас қосты. Жиналған халық ұлттық тағам бауырсақтан дәм татып, мәре-сәре күйде болды.

Ұлттық мерекені халықпен бірге тойлауға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы мерекенің мән-маңызына тоқталып, сыр жұртшылығына аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Кеш филармония әртістерінің әсем әні, мыңбұралған бишілердің биі және күй күмбірімен жалғасын тапты. Жиналған көпшілік бір-бірімен көрісу рәсімін жасап, мерекенің мазмұнын айшықтай түсті.

Айтулы күн аясында жиналған көпшілік тал егу рәсіміне қатысып, атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүрді жаңғыртты. Жер ана төсіне қадалған әр түп ағаштың шынар болып өсуіне үлкендер тілектестік білдіріп, батасын берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: