Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары екеуі қалай танысқандарын, махаббат жыры Республика сарайынан басталғанын айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«ҚазҰУ-да оқитын Гүлжан есімді құрбым бірінші курстарға арналған кешке мені шақырды. Мен келісімімді беріп бардым, ол мені сырттан күтіп алды. Сөйтсем бір топ ән шырқап жатыр екен. Ол топты мен білмейді екенмін, олар әндерін айтып болған соң кіруім керек болған. Сахнаның сыртында тұрсам қыздар әншілермен суретке түсуге жиналып қалыпты. Бір кезде Мейрамбек: «қыздар, суретке түсейік» деп, кейін «ана қыз суретке түспей ме?» деп маған көрсетеді. Кейін «танысайық» сол жердегі қыздардың бәрімен таныса бастайды. Ол кезде мен «МузАРТ»-ты да, Бесбаевты да білмеймін», – деді Мархабат.
Кейін ол құрбысын жетектеп, үйіне асығады. Танысқан жігіті жайлы анасынан сұрайды.
«Ол әнші ғой, жетім бала, әке-шешісі жоқ. «Бозторғайды» айтқан бала ғой» дейді анам. Сөйтсем, елдің бәрі солай ойлаған екен ғой», – деді әншінің жары.
Мейрамбек Бесбаев оның айтқанымен келісіп, тек фотосуретке түскендері есте қалмағанын айтады.
«Суретке түсетін жағы есімде жоқ, бірақ қарамай тұр да, өзінше…бүкіл қыздар жабылып келіп жатыр. Қарамай тұрған сайын, қызығушылық арта береді ғой. «Бұл неге қарамай тұр» деген ой болды. Түрі әдемі екен. Бірінші түріне ғашық болдым да, кейін өзіне ғашық болдым. Анасы «18 толсын, ең болмағанда» дегеннен кейін жасы толған бойда алып кеттік қой», – деді Мейрамбек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!