Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Өсербаев» көшесінің қауіпсіздігі күшейді

27.08.2022

1179 0

Қалада қордаланған мәселенің бірі болған – Өсербаев көшесі. Күндік және сағаттық жалға берілетін пәтер саны жүздеп саналатын бұл аумақта құқықбұзушылық көп еді. Қоғамдық орында алкоголь тұтыну, түн тыныштығын бұзу секілді оқиға көп мұнда. Міне, осы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Өсербаев көшесіне арнайы стационарлық модульдік бекет орнатылды. Бұл өз кезегінде біраз құқықбұзушылықтың алдын алуға елеулі үлес қосуда. Полицияның табанды да тыңғылықты жұмысымен арнайы барып танысып, кешкі уақыттағы «Өсербаев» көшесінің ахуалын білдік.

Облыстық полиция департаменті және қалалық полиция басқармасы түйінді мәселені шешуді қолға алып, жақында тұрғындар тыныштығын қам­тамасыз ету мақсатында стационарлық полиция бекетін орнатты. Қазіргі таңда бекет тәулік бойы қала тұр­ғындарының тыныштығын күзету­де. Стационарлық бекетте үш ауы­сыммен екі қызметкер кезекшілік етіп, аумақ тәртібін қадағалайды. Стационарлық бекет заманауи тех­никамен жабдықталған, полиция қыз­меткерлері радиостанциялармен және планшеттермен қамтылған. Бұл ау­мақта бүгінгі таңда 4 бейнебақылау камерасы жұмыс атқаруда.

"Өсербаев" көшесінің қауіпсіздігі күшейді

− Өздеріңіз білетіндей, Қызылор­да қаласындағы жалға беру пәтерлері­нің көбі осы аумақта шоғырланған. Сол себептен тыныштықты, спирттік ішім­дік тұтыну немесе көшеде масаң күй­де жүру фактілері көп тіркеледі. Дегенмен полиция басқармасы мұндай заң бұзушылықты азайту, қауіпсіздікті арттыру мақсатында күндіз-түні жұмыс істеуде. Мысалы, 2017 жылы бұл ау­мақта 1000-нан аса жалға берілетін пәтер болды. Қазір олардың тек 160-ы ғана бар және әрқайсысы жеке кәсіпкер ретінде тір­келіп, «агенттік» ашып алған. Сон­дай-ақ түнгі уақытта, яғни 24 сағат жұмыс істейтін дүкендер де бар. Ол жерге де адамдар көп келе­ді, − дейді қалалық полиция басқарма­сы жер­гілікті полиция қызметі бөлімі­нің учаскелік инспекторы, капитан Нұрлыбек Нұртаев.

Тағы бір қуанарлық жайт, Өсербаев көшесі тұрғындар өтініші бойынша  Қорқыт ата − Әйтеке би көшесіне қарай көлік қозғалысы бір бағытқа ауыстырылды. Арнайы жол белгісі қойылған бұл аумақта алғашқы күндері түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарландыру берілген. Одан бөлек бұл аумақта алдағы уақытта 74 бей­небақылау камерасы орнатылмақ. Оның 30-ы жедел басқару орталығына қызмет етеді. Яғни енді аумақтағы құқықбұзушылық полицияның ара­лауы немесе тұрғындардың хабарлауы бойынша ғана емес, басқару орталығы арқылы да анықталатын болады.

"Өсербаев" көшесінің қауіпсіздігі күшейді

Бұл аймақта қоғамдық қауіпсіздік­ті қамтамасыз ету үшін 24 сағат бойы 6 учаскелік және 2 ювеналды полиция қызметкері жұмыс атқарады. Жол жүрісінен бастап, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғандардың барлығы жауапқа тартылады. Мәселен, ұсақ бұзақылық жасағандар 434-ші бап бойынша жауапқа тартылып, 5 АЕК айыппұл арқалап немесе он тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынуы мүмкін. Ал 437-ші бап бойынша 22.00 мен 09.00 аралығында тыныштықты бұзған жеке тұлғаға 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектіге 20 АЕК, орта кәсіпкерлікке 30 және ірі кәсіпкерлікке 100 АЕК көлемінде айыппұл салына­ды. Сонымен қатар Өсербаев көшесін­де көп кездесетін қоғамдық орында ал­коголь ішу немесе масаң күйде келу дерегі бойынша 440-шы бапқа сәйкес 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.

"Өсербаев" көшесінің қауіпсіздігі күшейді

− Өсербаев көшесіне жол белгісінің қойылғанына екі апта уақыт болды. Алдын ала жан-жақты хабарландыру жасалып, бастапқы кезеңде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Біздің мақсат хаттама толтыру емес. Сол себептен мүмкіндігінше жүргізушілерге түсін­дірме жасап, кері бұрылуын талап етіп жатырмыз. Одан бөлек аумақты бақылау, қылмыстың алдын алу мен әкімшілік құқықбұзушылық секілді фактілермен жұмыс істейміз. Бұл аумақта 437 бап бойынша, яғни ты­ныштықты бұзу бойынша хабарлама көп түседі. Бүгін біз ІІ ауысымда жұмыс істейміз, 19.00 мен 03.00 аралығында аумақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бізге жүктелген, − дейді жол патрульдік полициясының қызметтік инспекторы Дәуірбек Қыдырбекұлы.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: