Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

42 жасына дейін құжатсыз жүрген азаматқа құжат табысталды

21.04.2022

761 0

Соңғы 3 жылда облыс аймағында елді-мекендермен, шаруа қожалықтарында жеке басын куәландыратын құжатсыз және ескі үлгідегі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының паспортымен жүрген 67 адам анықталды. Осыған байланысты, олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін тиісті көмек берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Сана сезім» қоғамдық қорының заңгері Элина Еникеева мәлімдеді.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап «Сана Сезім» ӘБҚО қоғамдық қоры және Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызылорда облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі құрылымдарымен бірлесіп «Азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және оларға құқықтық көмек көрсету» жобасы аясында іске асуда.

БҰҰ босқындар істері жөніндегі Агентігінің өкілі Шолпан Олжабаеваның айтуынша, ҚР Ішкі істер министрлігінің операциялық жоспарына сай бекітілген меморандумға сәйкес біршама жұмыстар атқарылды. Ал, шет елдерден келген қандас мәртебесін алған этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алу үшін 50 азаматқа құжаттануға көмек көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Сонымен қатар, бүгін ОПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Камитбеков 2 азаматқа жеке басын анықтайтын құжаттарды табыстады. Соның бірі, 42 жасына дейін құжаттанбай жүрген 1980 жылы Сырдария ауданында туылған Телғозиев Қанат. Оны «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы анықтаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: