Бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар жаздың соңғы айы – тамызда 10 күн демалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаздың соңғы айында ел тұрғындары 21 күн жұмыс істейді.
Тамызда мемлекеттік мереке бар. Ол – ҚР Конституциясы күні, мереке дүйсенбіде – 30 тамызда болады. Осылайша бес күндік жұмыстағы қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады – 28-30 аралығы. Ал алты күндік жұмыстағыларға небәрі 6 демалыс күні мен 25 жұмыс күні болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!