Жексенбі, 24 қараша, 06:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Жүрегі бар жалғыз үйге саяхат»

10.09.2024

593 0

Жүйеге қарасты №6 кітапхана жаңа оқу жылының басталуына орай 1 курс студенттеріне кітапхананы таныстыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында «Жүрегі бар жалғыз үйге саяхат» атты ашық есік күнін өткізді.
Шараға Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің 1 курс студенттері келді. Студенттерге алдымен кітапхананың тарихы, кітапхананы пайдалану ережелері, «Абонемент» және «Оқу залы» бөлімдері, «Коворкинг» орталығы, арнайы жасақталған кітап көрмелері, кітап сақтау қоймалары таныстырылып, мол мағлұматтар берілді.
Ашық есік күніне қатысқан студенттер кітап, оқу-білім жайлы ұлыларымыздың ұлағатты сөздерін айтып, өз ойларымен бөлісті. Кітапханаға оқырман болып тіркеліп, өздеріне қажетті әдебиеттерді оқуға жаздырып алды. Сондай-ақ, «Коворкинг» орталығында ой-өрістерін дамытатын тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарын ойнап, уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: