Фото: stan.kz
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот жаңа шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апелляциялық процесс Гүлмира Сатыбалдының адвокаттарының шағымын қарады. Олар оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруды қамтымайтын жаза тағайындауды сұраған. Үкімге өзгерістер енгізілді.
Алайда бұл өзгерістер Гүлмира Сатыбалдыға әсер еткен жоқ. Апелляция Қызылорда қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы және бас маманы Тұрсын Байменов пен Ғалымжан Жаңаділовке 441 миллион теңге жымқыру бойынша сотталғандарға қосымша жаза белгіледі. Екеуіне де өмір бойы мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
“Гүлмира Сатыбалды туралы айтатын болсақ, алқа өзінің алғашқы үкімін күшінде қалдырды. Ол колонияда 8 жыл айыбын өтеуі тиіс”, – делінген ақпаратта.
Еске салайық, 4 мамырда Гүлмира Сатыбалды 389-баптың 3 және 4-бөлігі (Өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру) мен 125-баптың 2-бөлігінің 1 және 8-тармақтары (Пайдакүнемдік ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау) бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ Сатыбалды “Құрмет” орденінен айырылады. Сонымен қатар, сот Гүлмира Сатыбалдыдан кәсіпкер Тұрсен Алагузовқа 6,5 миллиард теңгені өтеуге міндеттеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!