Сейсенбі, 19 қараша, 22:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Тілге құрмет – елге құрмет

27.01.2023

507 0

Қылмыстық атққару саласына қарасты Қызылорда облысындағы ҚАЖ департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде жеке құрамға мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында  кең көлемді өтті.

Шараның басты мақсаты – тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл сауаттылығын арттыру, яғни орфографиялық тіл нормаларына мән бере отырып жеке құрамнан  Қысқарған сөздер бойынша диктант алынды.

Диктант жазбастан бұрын, қызметкерлерге  Ш.Құрбанбайұлының «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен Қысқарған сөздер», «Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер» жеке зерттеулік еңбектері таныстырылды.

 Сондай-ақ күрделі атауларға жататын қысқарған сөздердің жасалу жолдары жайында түсініктеме берілді. Жеке құрамның жұмыс  уақытына кедергі келтірмес үшін мекеме акт залына тек аусымнан шыққан  бақылаушы қызметкерлер ғана кезекпен жиналды.

Жасыратын несі бар, жас мамандар кей сөздердің дұрыс оқылуын білмесе, енді бірі  кей қысқарған сөздерге  қосымшаларды дұрыс жалғай алмады. Бірақ, олар осы өткізілген сабақ барысында сауаттылық деңгейін арттырып, қысқарған сөздерді дұрыс жазуға машықтанды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: