Сейсенбі, 24 желтоқсан, 23:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам қызметкерлері «Лейтенант» атағын алды

11.01.2024

687 0

         Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Есенкелдиев Шәймерден Тәжіқұлұлының қатысуымен күн тәртібіне сәйкес аппараттық жиналыс өтті.

         Мәжілісте Қылмыстық-атқару жүйесі саласында бірнеше жыл қызмет атқарған ардагерлер мен арнайы шенді атағын алуға келген жас жеке құрам қызметкерлері және департамент қызметкерлері қатысты. Жиында ардагерлер алқасы сөз сөйлеп мәжілісті ашты. Сонымен қатар, департамент басшысы ҚР ерең еңбек етіп келе жатқан жас жеке құрам қызметкерлеріне яғни, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылық жасау тобының аға инспекторы әділет капитаны Исмайлова Жадыра Жанибекқызы арнайы атаулы «Майор» шенін алса №37 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет кіші сержанты Оразалина Азиза Асылханқызы мен ҚАЖ департаментінің басшылық жасау тобының инспекторы әділет сержанты Төребек Айдос Қалдыбекұлы арнайы атаулы «Лейтенант» шенін алды.

         ҚАЖ саласының қиыншылығы мен ауырлығына шыдап, ер адамдармен иық тірестіре қызмет атқарып келе жатқан жандарды департамент басшысы Шәймерден Тәжіқұлұлы  арнайы атаулы атағымен құттықтады. Әрбір қиыншылықтың артында бір жақсылықтың тұрғанын, сондай-ақ қызметтеріне абырой мен береке тілеп өз сөзін аяқтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: