Бүгін ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің жеке автокөліктері тексерілді. Алдын алу іс-шарасы мекеменің кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен өтті. Автокөліктер Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының және жол патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен тексерілді.
Шара барысында автокөліктердің техникалық жағдайын, жарық көздерінің жұмыс істеуін, медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы және басқарып жүруге қажетті құжаттары мен сақтандыру полюсінің мерзімдері тексерілді.
Тексеру нәтижесінде, жеке құрам көліктерінің техникалық жай-күйі қалыпты жағдайда және жүргізу бойынша мерзімі өткен құжаттар анықталған жоқ»,- деді мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет капитаны Д.Оспанов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!