Жұма, 22 қараша, 08:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жол-патрульдік полициясы тоқтатса…

22.05.2021

2667 0

Өмірде өз құқығын білмейтіназаматтар бар. Олар қандай да бір оқиға кезінде не істеу керегін білмей жатады. Жалпы құқықтық сауаттылық әрбір азаматқа керек. Заңды толық жаттамаса да, өзіне қатысты заңның бір сыпырасын білгені абзал. Осы тұста оқырман қауымның өміріне септігін тигізсін деген мақсатта «Құқығыңды біл» атты жаңа айдар ашуды жөн көрдік.

«Құқығыңды біл» айдарының алғашқы тақырыбын жол-патрульдік полиция қызметкері мен жүргізушіге арнадық. Жалпы жүргізуші көлікпен келе жатқанда жол-патрульдік полициясы тоқтатқанда не істеуге құқылы? Өз кезегінде құқық қорғау органының қызметкері не істеуі керек? Бұл сұрақтарды Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Рысдаулет Шамшиев мырзаға жолдадық.

– ҚР жол жүйесі туралы заңының талабы бойынша ішкі істер органдарының қызметкері көлік құралына кідірмей жақын келіп, өзін таныстыруға және жүр­гізу­шінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін көрсетуге, көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге міндетті. Егер көлік жүргізушісінің осы заңның талаптарын және жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құрал­мен және аспаппен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті, – дейді Рысдаулет Бекманұлы.

Міне, осы талаптардың барлығы орындалған соң, яғни ішкі істер органдарының қызметкері осы баптың 3-тармағында белгіленген барлық әрекетті орындағаннан кейін көлік жүргізушісі орган қызмет­керінің талаптарын орындауға міндеттеледі. Ал ішкі істер органдарының қызметкері қандай жағдайда көлікті тоқтата алады?

Бұл сұрағымызға Р.Шамшиев: «Көлік құралы жүр­гізушісі осы заңның талаптарын және жол жүрісі қағидаларын бұзса, оның ішінде сертификатталған арнайы техникалық құрал және аспап тіркеген жол жүрісі қағидаларын бұзуы, ұрланған көлік құралдарын, көлік құралдарын пайдаланумен байланысты өзге де қылмыстар болған кезде орган қызметкері көлікті тоқтата алады» деп жауап берді. Одан бөлек орган қызметкерлері стационарлық полиция бекетінде, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жүргізушінің осы заңның 54-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында көзделген құжат­тарын тексеру, полиция бекетінде және бақылау-өткізу пунктінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеруге құқылы. Арнайы іс-шараларды жүргізу кезеңінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру мақсатымен көлік құралдарын полиция бекеттерінен тыс жерде тоқтатуға да жол беріледі», – деді.

Жүргізуші  өз кезегінде құжаттарын тексеруге құ­қығы бар лауазымды адамнан көлік құралын тоқтату себебіне түсіндірме алуына, бұл ретте фото және бейне түсірілім жүргізуіне рұқсат етіледі.

Сондай-ақ жүргізуші жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге, ҚР өзге елде берілген жүргізуші куәлігін немесе оның орнына берілген уақытша куәлігін, көлік өзге елде тіркелген болса, көлік құралының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін немесе көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатын  көрсетуі  тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: