Жексенбі, 28 сәуiр, 15:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қойнауы құтты мекен

03.08.2021

1294 0

Атырау облысы қазақтың киелі өңірлерінің біріне жатады. Бұл өлкеде батырлар мен ақын-жыраулар, елге белгілі әулиелер көп шыққан. Топырағы құнарлы, табиғаты көркем өлке.  Атырау облысы 1938 жылы құрылып, алғашында Гурьев деп аталады. Ал 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Солтүстігінде Батыс Қазақстан, шығысында Ақтөбе, оңтүстік-шығысында Маңғыстау және батысында Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі. Жері солтүстігінен оңтүстікке қарай Ойыл, Сағыз, Жем өзендерінің салаларымен байланысқан.

Облыстың жер қойнауы қалың шөгінді қабаттармен астасқан. Әр түрлі пайдалы қазбаларға бай. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Мұнай-газдан басқа пайдалы қазбалар ішінен облыс экономикасы үшін маңыздылары ретінде борат және борат тұзды кендерді, ас тұзын, магнийлі жыныстарды атауға болады. Құрылыс индустриясы шикізаттарынан бор, бор-мергельді жыныстар, гипс, ангидрит, сазды, құмды әктастар және минералды су көздері бар. Борат кені дүние жүзі бойынша тек Атырау облысының қойнауынан табылып отыр. Бұл осы жердің қазба байлығының көптігін аңғартады. Жалпы Каспий маңы ойпатының, сондай-ақ Атырау облысының топырақ жамылғысының құрылымы өзінін түзілу факторлары мен құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып келеді. Облыс халқы облыс орталығында, өндіріс орталығы мен Жайық өзенінің екі жағалауында тығыз орналасқан.

«Алтын адам» табылған аймақ

1999 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Аралтөбе қорғанына Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізу мақсатында «Алтын адам» табылды. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл алтын адамның өмір сүру кезеңі осыдан 2 мың жыл бұрынғы сарматтар дәуіріне жатады.

Көне дәуір күмбірі

Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі – Сарайшық қаласы. Ол Атырау облысы, Махамбет ауданының тер­риториясында орналасқан ортағасырлық қала. Орда дәуірінде Сарайшық Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Алтын Орда Қасым хан тұсында қазақ хандығының алғашқы астанасы болды. ХV ғасырдан бастап Атырау өңірі Кіші жүздің тарихи орны болып қалыптасты. Қазақ халқы XVIII ғасырдың басында Алтайдан Жайыққа дейінгі ұшан-теңіз даланы қамтыған біртұтас іргелі ел болды. Бөкей хан 1801 жылы Еділ мен Жайық арасындағы отыз жыл бойы иесіз қалған ен даланы мекендеуге елді көшіріп әкеліп қондырды. Сөйтіп бұл өңір Бөкей ордасы деп аталды. Бөкей ордасындағы феодалдық қанау мен Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 1836-1838 жылдарды қамтиды.

Мұнайлы өлке

Ел экономикасының артуына айтар­лықтай үлес қосып келе жатқан мұнай компаниялары екені айқын. Атырау облысы қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі және әлемнің 50-ден аса елдерімен тығыз ынтымақтастықта. Мұнда мұнай өңдеу зауыты кәсіпорындары құрылып, сәтті жұмыс істеуде. Олардың қатарында мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындарды айтуға болады. Өңірге шетел инвестицияларын тартып, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мұның барлығы сайып келгенде өңірдегі түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуда айтарлықтай оң әсерін тигізбек. Екіжақты халықаралық қатынастарды дамыту мақса­тында инвестициялық әлеуеті зор аймаққа жыл сайын алыс-жақын шетелдерден делегациялар келіп тұрады. Атырау облысында жыл сайын «Global Oil&Gas Atyrau» мұнай-газ көрмесі өткізіліп, көрмеге әлемнің 150-ден астам елі қатысады. Аймақтағы отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек, ақпараттық-сараптамалық және сервистік қолдау көрсету мақсатында «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Atyrau Innovations» ЖШС секілді мекемелері тиісті қызмет атқарады. Сонымен қатар бүгінде облыста бірқатар шетелдік визалық орталықтар жұмыс істейді.

Еңселі ескерткіштер

Атырау аймағында ерекше бағаланатын жәдігерлердің бірі – мәдени мұра ескерткіштері. Соның бірі – Иманқара кешені. Иманқара тауының батыс сілемдерінің етегінде орна­ласқан дәуірлік үңгір. Археологиялық ескерт­кіштер қатарына Аралтөбе кешені мен Сарайшық қалашығы кіреді. Сарайшық қала­шығы қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі. Діни және ғибадат орындары болып табылатын орын – Ұшқан ата деп аталады. Оған қосымша Ақмешіт қорымдары мен Құлшан ата жерасты мешіті кіреді.

Атырау облысының аумағында 313 ес­керткіш бар. Оның 4-і республикалық тізімге енген. Олардан бөлек 604 нысан аймақтық тізімге енгізілген. Бүгін солардың бір қатарына тоқталып өтуді жөн көрдік.

Индер тұзды көлі Атырау аймағына жақын орналасқан. Оның солтүстік жақ беткейін Индер тауы алып жатыр. Оңтүстік жағалауы жазық болып келеді. Тұзды көлдің қара балшығы көне дәуірлерден бастау алады. Ойпаттың геологиялық құрылымы күрделі болып келеді. Бұл мекен талай адамның дертіне шипа болған деген дерек айтылады. Елімізде теңдесі жоқ Мұзқұдық та осы маңайда орналасқан. 

Байбақты әyлие Қаpмысұлы кесенесi 1824 жылы Жем өзенiнiң бойында салынған. Байбақты әулие ұстамды жан болған. Оның бойында әдiл билiк, жүpек жұтқан батыpлық, көpiпкел әyлиелiк қасиеттеp тоғысқан. Байбақ­ты ата ел аpасындағы ұсақ-түйек іске әсте аpаласпай, ел ipгесiнiң бүтiн болyына назаp аyдаpған. Ел аyзындағы әңгiмелеpде ол жаyға шапқанда дұшпан көзiне мың адам немесе жылан боп көpiнедi екен. Кесенесі Мақат аyданы, Доссоp кентiнен солтүстiкке қаpай оpналасқан.

Алтын қоpымы Махамбет аyданы, Ортақшыл аyылының шығысқа қаpай 4 ша­қыpым жеpде төбенiң үстiнде оpналасқан. Құpылысына ағаш бөpенелеp, жiңiшке сыp­ғаyылдаp, жyан тipеyлеp қолданылған. Күм­бездiң төбесi киiз үйдiң шаңыpағы сияқты ағашпен бекiтiлген. Қоpымдағы құлпытастаp жасалyы және көлемi жағынан аймақта өзiн­дiк еpшелiкке ие. Қоpымда тас қашаy ескеpт­кiштеpiнiң өте сиpек кездесетiн түpлеpi баp.

Аңыз бойынша қоpымның Алтын ата­лyы осында жеpленген әйел адамның есiмiмен байланыстыpылады. Аңыз бойынша сол кездегi бip бай адамың тоғыз қызы болыпты. Үлкенiнiң атын Алтын қойып, ең соңғы тоғызыншысын ұл болады деп күткен әкесi оның атын Қатын деп қойған екен. Алтын осы жеpде қаpақшылаpдың қолынан қаза тапқан.

Қоpғанша қалашығы Қызылқоға аyданы, Қаpакөл аyылы маңында орна­ласқан. Қоpғанша қаласы қамалының өзге қамал­даpдан айыpмашылығы ескi түйе қалыппен құйылып, шикi кipпiштен тоғыз метp қалыңдықта қалануы. Қоpғанша қаласы жаyдан қоpғанyды мақсат еткен хан оpдасы болған. Оpтасындағы ашық алаңға мал қамалған. Оның биiк қамалы мен сыpтындағы сy толтыpылған оpы, жаyға алғызбайтын жойқын қамал-бекінiске айналған. Қамал үстiне шыққан садақшылаp жаyды қамалға жеткiзбей қыpып отыpған. Ол ұзақ yақыт қоpғанысқа төтеп беpген. Академик Әлкей Маpғұлан мұндай қалалаpды «жан қоpғайтын қамал» деп атаған.

Дүйсеке ата мешiтi ХIХ ғасыpдың аяғында салынған. Құpылыс матеpиалы саман тас кipпiш пен күйдipiлген қыш кipпiш, сондай-ақ қаpағай бөpенелеpден тұрғызылған. Бұл жеpде шәкipттеpге дәpiс беpген.

Бөкен би кесенесi. Бөкен би ақ жолынан таймаған өткip сөздi, шешен адам болыпты. Өзiнiң еpлiгiмен, әдiлдiгiмен, көpегендiгiмен көpшi елдеpге де әйгiлi болған. 17 жасынан билiкке аpаласып, ғұмыpының 76 жылын төpелiкпен өткiзген. Бөкен би: «Таy да құлайды, тас та құлайды, мұхит та саpқылады, саpқылмайтын нәpсе – халық қой, менiң атым таста қалмай, халықтың қапеpiнде, елдiң есiнде қалса жаpайды» деп айтқан екен. Ел аpасындағы аңыз-әңгiмелеpде табиғаттың тiлiн бiлген әyлиелiгi де болған деседi.

Алып ана қорымы 18-19 ғасырлар ара­лы­ғында пайда болған. Аңыз бойынша, қорымның «негіздеушісі» (эпонимі) әйел адам, яғни, алып ана болып табылады, оның моласы қорымның батыс жағында шырақ және қадамен белгіленген. Әуелден күйдірілген кірпіштен қаланған кесене ізі ғана сақталған. Төбесі күмбезделіп жабылған. Осындағы құлпытастар безендірілуі жағынан әртүрлі болып келеді. Бұлардың көпшілігіне әшекейлер, мәсі, кебіс сияқты әйелдің тұрмыстық заттары бейнеленген.

Алтын қорымы Махамбет ауданынан сол­түстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде, кішкене төбенің үстіне орын тепкен. Қорымда белгілі қазақтың атақты билерінің бірі Айтуар би Үсенұлы жерленген. Мұндағы  ескерткіштердің өрнектелуі мен эпиграфикасында ерекшелік байқалады.

Тас кешу керуен сарайы Сағыз өзенінің сол жақ жағалауында, «Ноғай жолы» бойында орналасқан. Кезінде Керуен сарай сауда керуендері мен саяхатшыларға қызмет ететін қонақ үй қызметін атқарған. Көлемі 50-55 метр болатын ғимарат түгелімен күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Сарайдың бұрыш­тары мен сыртқы қабырғаларының орта тұстарында керуенге бағыт беретін мұнаралар салынған.

Қорғанша қалашығы туралы аңыз әңгі­мелер халық арасында көп айтылады. Қала құрылыстары мен қорғаны кірпіштен қаланған. Қаланың көлемі мен қорған биіктігіне қарап оның қорғаныс қызметін атқарғандығы бай­қалады. Мұнда 2006-2007 жылдары архео­логиялық қазба жұмыстары  жүргізілген.

Қарашүңгіл қорымы Атырау облы­сынан солтүстікке қарай 12 шақырым жердегі Қара­шүңгіл сорында орналасқан. Қорым жаңа заман кезеңінен сақталған Батыс Қазақстанның ең ірі ескерткіштерінің біріне жатады. Қорымның жалпы көлемі 20 га, мұнда мыңға жуық әртүрлі ескерткіштер бар.

Шоқтығы биік шығармашылық

Атырау өлкесі талаптарға кенде емес. Жырдың алып өкілдері Қазтуған Сүйінішұлы, Шалкиіз Тіленішұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Қашқынбай Қожамбетұлы, Мұрат Жөңкеұлы осы аты­раптың ақын-жыраулары. Олардың өміршең шығармалары әлі күнге дейін ұрпақ жадында жаңғырып келеді. Бұл ақындардын дәстүрлі жолын Хиса Көбжанұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы, Сұраубай Үттібайұлы, Құмар Жүсіпов, Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Зейнолла Қабдоловтар жалғастырды. Олар­дың ізін ала халық ілтипатына ие болған Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжмеденов, Берқайыр Аманшин, Мағзом Сүндетов, Марат Отаралиев, Мендекеш Сатыбалдиевтерді атауға болады.

Махамбет Өтемісов атындағы Атырау облыстық драма театры 1957 жылы республикада тұңғыш рет өткен облыс театрларында жүлделі орынға ие болды. Дина Нұрпейісова атындағы ұлт-аспаптар оркестрі 1958 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігінде өнер көрсетіп, көрермендер жоғары бағалады. Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония 1966 жылы құрылды. Қазіргі таңда филармония құрамында 3 эстрадалық ансамбль, 2 қуыршақ театры жұмыс істейді. Олардың қатарынан «Атырау-Жайық» эстрада ансамблін ерекше атауға болады.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: