Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ат үстіндегі батырлар

25.03.2021

4564 0

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Наурыз мерекесіне орай қалалық ипподромда теңге ілу мен жамбы атудан жарыс өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен ұлттық ат спорты жарысында Қызылорда клубының спортшылары мықтылықтарын дәлелдеді.

Жамбы ату – ат үстінде шауып келе жатып, екпінді бәсеңдетпестен белгілі бір қашықтыққа қойылған нысананы атып құлататын спорт түрі. Мергендікті талап ететін бұл спорт түрі б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда пайда болған деседі.

Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу» яғни құймалы алтын немесе күміс дегенді білдіреді. Сол сияқты, бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдар да жамбының рөлін атқара береді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық  жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы деп аталған. Жамбының жасалған материалына байланысты: таза ақ күмістен жасалған болса ақ жамбы, алтыннан жасалса алтын жамбы деп те атаған.

Жамбы ату ойынын көшпенділер жауын­герлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін қолданған. Басты мақсаты: біріншіден, әскери-жауынгерлік дайындықты жетілдіру, екіншіден, ел арасындағы мергендерді (са­дақшыларды) анықтап оларды көтермелеу, үшіншіден, сыналған мергендерден арнайы  топ құрып, соғыста күштік құрылым ретінде пайдаланған.

Қалалық ипподромда өткен жамбы ату сайысының нәтижесінде 7 ОРМБЖМ-ның сұр мергендері жеңіске жетті. Берік Пернебай қола медаль еншілесе, Ағаділ Пернебай күміс алды. Ал Ғалымжан Өміртай жарыс жеңімпазы атанды.

Мұнан бөлек  «Теңге ілу» сайысында Жаңақорған ауданының мықтылары оза шапты. Дәулет Ағайдар 4 ұпаймен бірінші орын иеленсе, Алтай Қоңқаев күміс, ұлттық ат спорты клубының  спортшысы Алихан Рамисов үшінші орынға лайық деп танылды.

Сондай-ақ үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін аударыспақтан да жарыс өтті. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатыса алады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге диплом, медаль және естелік сыйлықтар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: