Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуздың жазуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2021 жылдың мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтасуға шығуы қарастырылып жатқан үш үміткердің бірі. Бұл – DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім аясындағы айқас болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім бойынша бірінші айқаста «Канело» WBA/WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта WBC желісі бойынша міндетті үміткер Авни Йылдырымға қарсы шығады. DAZN-мен келісімшарт аясында екінші жекпе-жек үшін «Канело» жұдырықтасуға шығатын үш қарсылас бар: Билли Джо Сондерс, Калеб Плант, Геннадий Головкин», – деп жазады автор.
Еске сала кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзі кіммен жекпе-жекке шығуды қалайтыны туралы жауап берген. Боксшы өзіне ұсынылған қарсыластар – Головкин және Мейвезердің арасынан екіншісін таңдады. Геннадий Головкин 19 желтоқсанда Голливудта жекпе-жек өткізді. Онда қазақстандық боксшы Польша спортшысы Камил Шереметаны жеңіп, орта салмақта титулдық белдікті қорғау саны жағынан рекорд орнатты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!