«Жастар бастамаларын қолдау» жобасының шағын гранты негізінде М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде Титов мөлтек ауданының жастары мен аула клуб қатысушылары арасында дойбы ойынынан сайыс өткізілді. Жасөспірімдердің интеллектуалдық қабілетін дамытуға бағытталған сайыста топ жүйріктері бақ сынады. Әр кезеңдегі жарыс жеке жарыс ұстанымы бойынша өткізіліп, жеңімпаздар финалдық кезеңге жолдама алды. Финалдық кезеңде жеңімпаз атанған жастар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқаудың мақсаты:
Дойбы ойынының әдіс-тәсілдерімен таныстыру, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда жетілдіруге ықпал жасау;
Жасөспірімдер мен жастардың зияткерлік, жасампаздық және ойлау қабілетін дамыту, логикалық ойлауын арттыру;
Шыдамдылықты шыңдауға, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға тәрбиелеу.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!