Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Еркегі бар әйелдің өйтіп жүретін уақыты жоқ»: Қайрат Әділгерей белсенді әйелдерді «көкбет» деп атады

13.03.2023

638 0

Белгілі актер Қайрат Әділгерей қоғамда белсенділік танытып, мықтылығын дәлелдеп жүрген әйелдердің көбейгенін айтып, олар туралы ойын ашық жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Айнаline” бағдарламасына сілтеме жасап.

“Қазіргі қоғамда әйел адамдар мықты болып бара жатқан сияқты” деген жүргізушінің сөзін актер: “Мықты болып бара жатқан ештеңесі жоқ. Тек көкбет әйелдер шығып жатыр. Айғайлап, дауысын шығарып жүрген еркегі жоқ әйелдер. Еркегі бар әйелдің өйтіп жүретін уақыты жоқ. Өйткені ол бала-шағаның, күйеуінің, енесінің жағдайын жасап жүр. Оның өмірлік миссиясы басқа. Ол сонымен бақытты”, – деп жалғап әкетті. 

Актер тағдыр тәлкегіне түскен әйелдерді ғана мықты деп мойындайтынын жасырмады.

“Егер әйел жесір қалып жатса, амал жоқ. “Басқа түссе баспақшыл” дейді. Біздің әжелеріміз 7-8 баланы жалғыз өзі өсіріп, бағып-қағып, оқытып, қазір соның қызығын көріп отыр. Мұны әйелдің мықтылығы деп айта аламын. Күйеуге тимей, бала тумай, “әйел мықты” деп жүргендердің әңгімесі бес тиын”, – деді ол ойын ашық айтып.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: