Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыста сібір жарасы тіркелген жоқ

25.11.2024

218 0

Қызылорда облысында жыл басынан бері сібір жарасы немесе оған күдікті жағдайлар адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында тіркелген жоқ. Облыста сібір жарасы ауруынан 60 стационарлық-қолайсыз нүкте және 68 сібір жарасы ауруының топырақтық ошағы тіркелген. Сібір жарасының ошақтық көмінділері барлық аудандар мен Қызылорда қаласының аумағында бар. Облыста соңғы жағдай 2008 жылы Шиелі ауданы Еңбекші елді мекеніне қарасты «Дәуітбай сазы» жайлауында тіркелген.Содан бері облыс көлемінде ауру анықталған жоқ.
Өңірде малды ветеринарлық куәландырусыз сою, ветеринариялық анықтамасы жоқ жануарларды сату фактілері кездеседі.

Бүгінгі күні облыс арасында ауылшаруашылығы малдарының қозғалысы қарқындау кезінде тұрғындардың сібір жарасымен ауырмайтындығына кепілдік беру мүмкін емес.
Сібір жарасының санитарлық қорғау аймағында топырақты қазуға және ауыстыруға, іздестіру, гидромелиоративтік, құрылыс жұмыстарына, жалға беруге, жеке меншікке сатуға, бау-бақшаға немесе өзге де мақсатта пайдалану үшін жер учаскелерін бөлуге жол берілмеуі тиіс. Сонымен қатар сібір жарасының топырақтық ошақтарын бүкіл периметрі бойынша ормен және биіктігі кемінде 1,5 метр және диаметрі 5 шаршы метр қоршаумен қоршалып, «сібір жарасы» деген жазылған тақтайшалар ілінеді, қауіпсіздік үшін кіруге тиым салынады.
Сібір жарасы – бұл жұқпалы аса қауіпті ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде уланумен сипатталады.Сібір жарасы көп жағдайда терілік формада кездеседі, өте сирек ішектік, өкпелік және сепсистік формада өтуі мүмкін. Аурудың қоздырушысы –таяқша пішінді аэробты бактериялар, бұл бактериялар адам немесе жануарлар ағазасынан тыс жерде споралар түзіп, қоршаған ортада топырақта ұзақ жылдар бойы сақталады. Сібір жарасын адамға жұқтырушы көзі -үй жануарлары (іріқарамал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады.
Аурудың жұғу жолдары: ауру малды сою кезінде, терісін өңдеуде және бактерия спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Ауру көбінесе теріні зақымдайды, сирек түрде ішкі мүшелерге де әсер етуі мүмкін. Инкубация кезеңінің ұзақтығы бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін дақтың орынында мыстың түсіндей папула пайда болады. 12-24 сағаттан кейін серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға (карбункул) айналады. Жараның айналасы қызарып, ісіп 1-2 аптадан кейін жараның ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды қабыршаққа айналасындағы қызарған терінің ортасындағы қара дақ, қызыл шоқтың ортасындағы көміртәрізді көрінеді.
Карбункулдың ең көп орналасатын жері –аяқ-қол, мойын және желке. Қосымша әлсіздік, шаршағыштық, бастың ауруы пайда болып, дене қызуы 39-40-ке дейін көтеріледі. Дер кезінде емделмеген жағдайда ауру асқынып, өлім жағдайларына алып келуі мүмкін.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аурудың алдын алу бойынша келесідей сақық шараларын ұсынады:

  • малды төлдету, сою, қырқу кезінде міндетті түрде жұмыс қолғаптары мен жұмыс киімін пайдалану;
  • жеке бас гигиенасын сақтау;
  • ет және сүт өнімдерін тұтыну алдында мұқият термиялық өңдеуден өткізу;
    -ауруды жұқтырушы көзі ретінде үй жануарларын бақылауда ұстау, сібір жарасына қарсы екпе жүргізу;
    -мал ауырған жағдайда ветеринар мамандарынан кеңес алу, ауру мал жатқан, сойылған жерлерге басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерді пайдалануына тыйым салынады,
  • ауру белгілері байқалған кезде дереу дәрігерге қаралу қажет.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: