Жұма, 27 желтоқсан, 06:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 640 адам екпе салдырды

10.02.2021

1148 0

Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары 1-ақпанда басталды. Он күн ішінде 640 адам екпе салдырды.
1 ақпан күні – 105, 2 ақпан күні – 165, 3 ақпан – 70, 4 ақпан – 60, 5 ақпан – 60, 8 ақпан – 60, 9 ақпан күні – 60, 10 ақпан – 60 адамға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынды. Айта кетейік, олардың 617-і медициналық қызметкерлері болса, 23 – басқа саланың өкілдері.

  • Облыс бойынша медицина ұйымдарында 154 екпе кабинеті бар. Соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға 32 екпе кабинеті мен 12 жылжымалы егу бригадалары дайындалды. Осы кезге дейін вакцина салдырғандар арасында шағым болған жоқ. Денсаулықтары тұрақты бақылауда, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.
    – «COVID-19» инфекциясына қарсы екпе жұмыстары қаладағы №1, №3, №6 емханалар базаларында жүргізілуде. Екпе салдырған азаматтар арасында егуден кейінгі ауыр түрдегі асқынулар орын алған жоқ, – деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
    Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясымен 3666 науқас тіркелсе, соңғы тәулікте 9 жағдай анықталып отыр. Олардың 96,5 пайызы емделіп шыққан. Қазір инфекциялық стационарда 30 науқас ем алуда. Оның 3-уі жансақтау бөлімінде жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: