Сейсенбі, 26 қараша, 03:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тұмау асқынатын уақыт

09.11.2021

1052 0

Бүгінде ауа райының тұрақсыздығы мен күннің салқындауына байланысты ЖРВИ, тұмау ауруларының таралуы күрт артқан. Әсіресе балалар арасында жедел-респираторлы вирустық инфекция көбейген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы жылдың қыркүйек айында жедел-жәрдем бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға шақыртулар қазан айымен салыстырғанда 32,9 процентке артып, яғни 17105 шақырту болған. Ауру­ханаға тасымалдау бойынша 2 айды салыстырғанда 24 процентке жоғарылаған. Аталмыш диагнозбен ауруханаға жатқызу 54 процентті құрап отыр. Оның ішінде ЖРВИ-мен 5 жасқа дейінгі балалар арасында ауруханаға жатқызу да 54,5 пайызға өскен.

– Айта кету керек, болжам бойынша қаңтар айының аяғы және ақпанның басында ауру өршиді, мамыр айында сырқаттану азая бастайды, – дейді Мая Миранбайқызы.

ДДСҰ-мен берілген кеңесін негізге ала отырып, тұмаудың эпид­ахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету мақсатында жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алуға қаражат бөлінеді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымованың айтуынша, тұмауға қарсы вакцина егу үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 15 жұлдызынан бастап жергілікті емханаларда жүргізілуде. Облыс бойынша қазір тұмау ауруына қарсы 82383 азамат егумен қамтылған, оның 80383-і жергілікті бюджет есебінен егілсе, 2000 азамат жұмыс берушілер тарапынан қамтылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: