Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Никаб киген ер адам қамауға алынды

24.06.2024

320 0

Сурет: gazeta.ru

Өзбекстанда никаб киген азамат 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ташкентте никаб кигені үшін ұсталған 22 жастағы жігіт жауапқа тартылды.

Шайхантаһүр аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты оны Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 184−4 (жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін нысанда қоғамдық орындарда болу) және 195 (ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру) баптары бойынша кінәлі деп таныды.Оған 10 базалық есептік шама (шамамен 130 мың теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, Ташкент облысы Букин ауданының тұрғынын жүріс-тұрысымен күдік тудырғаны үшін полиция қызметкерлері ұстаған болатын.

Никаб пен паранджа секілді бет-жүзін жауып жүретін әйелдер киіміне исламды ұстанатын бірқатар елде заңды түрде тыйым салынған. Атап айтқанда, мұндай шектеулер Өзбекстанда, Тәжікстанда, Индонезияда, Египетте және Тунисте бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: