«Қазыналы қария – ағып жатқан дария» дегендей, әр дәуірдің өз дарасы болады. Осындай дара тұлғаның бірі, ел ағасы – Көмекбай Қаракөзов. Қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Көмекбай Қаракөзовтің туғанына биыл – 110 жыл. Осыған «Ұлағаты мол ғұмыр» апталық өтті. Апталық аясында өткізілген ең ауқымды шара – облыстық ғылыми-танымдық конференция болды.
Конференцияны облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Конференция барысында Көмекбай Қаракөзовтің ел дамуына сіңірген еңбегі мен өнегелі өмірі туралы мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлыбай Ұлықпанұлы, техника ғылымдарының кандидаты Шәкизат Төребаев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айгүл Мұсабаева, және облыстық мұражайдың ардагер қызметкері Аманкүл Дүйсенбайқызы ғылыми негізделген деректерімен бөлісті.
Шара соңында «Көмекбай Қаракөзовтің Дінмұхаммед Қонаевпен кездесуі» атты театрландырылған қойылым қойылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бұл шара – ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың өмір жолын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа өнеге ету жолындағы тағылымы мол бастама.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!