Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ағасы 17 жастағы інісіне оқ атқан

07.02.2024

417 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Оқыс оқиға 3 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болды. 17 жастағы оқушы шұғыл ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

11-сынып оқушысы ағасымен бірге аң аулауға барған. 30 жастағы ер адам інісіне абайсызда оқ атқан. 

“Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 114-бабы (Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Білім басқармасының мәлімдеуінше, олар оқиғаның қалай болғанынан бейхабар. Алайда оқ баланың көзіне, бетіне және мойнына тиген. Ата-ананың тарапынан ешқандай шағым түспеген. 

Оқыс жағдайға қатысты аудан әкімі де пікір білдірді. 

“Аңға шыққандардың арасында кәмелет жасқа толмаған тек бір бала болған. Қалғандары ересек адамдар. Аңшылардың қару қолдануға барлық рұқсаты бар”, – дейді шенеунік.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасындағылар оқушының жағдайы туралы кейінірек түсініктеме беретінін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: