АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілі, «ҚХП» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаров «Бақ-Береке» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қайрат Шаршыбекұлы елімізде АЭС салу жайына тоқталды. Сонымен қатар стратегиялық нысанның ел үшін маңызы, тиімділігі және қауіпсіздігі туралы айтты.
– Қазіргі таңда әлемнің 31 елінде жалпы қуаттылығы 373,7 млрд кВт/сағ құрайтын 415 атом электр блогы жұмыс істейді екен. Сондай-ақ 15 елде 61 реактор салынуда. Ғалымдар энергия көзінің тапшылығы оңтүстік өңірлерде байқалатынын айтады. Ал АЭС салу осы тапшылықтың алдын алмақ. Осы орайда 6 қазан күні жалпыұлттық референдумға қатысып, өз дауыстарыңызды беріңіздер, – деді штаб өкілі.
Бүгінде Қытайда – 28 энергоблок, Үндістанда – 7, Ресейде – 4, Түркияда – 4, Оңтүстік Кореяда – 2, Ұлыбританияда – 2 атом электр станциялары салынуда.
АЭС салу елімізді энергетикалық тапшылықтан құтқарып қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға да септігін тигізбек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!