Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған

21.01.2024

573 0

Сурет: egemen.kz

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова мәлімдеді. 

«2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды», – дейді депутат. 

Оның сөзінше, сенат депутаттары үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі. 

«Заң жобасы мыналарды қамтиды: зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де); оларды жария айыптаудың қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызу; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау», – дейді Жанна Асанова. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: