Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады. 2024 жылы елімізде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орналасқан жол құрылғыларын ұрлау фактісі жиілеп, 1,35 млн теңге көлемінде шығын әкелген.
Заң бұзушылар стробоскоптарды, күн батареяларын, пішінді қаңылтырларды, қоқыс контейнерлерін, жарық шамдарды, жол белгілері мен су өткізгіш құбырларының қалқандарын ұрлаған.
Егер сіз осындай оқиғалардың куәгері болсаңыз, онда 102 немесе 1403 нөміріне хабарласуды сұраймыз.
Ұрлық тек мемлекетке шығын келтірмей, жол пайдаланушылардың қозғалысына қауіп төндіріп, түрлі авариялық жағдайларды тудыруы мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!